Миллион теңгенің малын ұрлап сатып ұсталды

малурлык.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың араласуымен мал ұрлығына қатысты заң талаптары қатайтылса да төрт түлікті қолды ету фактілері азаяр емес. Бұл бағытта Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары карантин кезінде күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Рейд жүргізіп, заң талаптары мен тұрғындардың құқықтарын түсіндіру барысында Ордабасы ауданының полицейлері өзі бағып жүрген бөтеннің малын ұрлаған күдіктіні қолға түсірді.

Ордабасы АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Арызданушы бақташыға сеніп тапсырылған ағымдағы жылдың сәуір айында түгелдеп, санап тапсырған 1350 бас саулық қойларының ішінен 20 бас малының жоқ екендігін жеткізеді. Аталған арыз Ордабасы АПБ-не тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» енгізілді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан жауаптар алып, сонымен қатар мал базарларын мұқият тексерді.

Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны яғни бақташының өзі екендігін анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, бақташы қойларды біртіндеп көрші ауылға сатып отырған. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Күдіктінің бас шарасы «міндеттеме». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малдарыңызды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ өзіңізге жақсы таныс емес азаматтарға малыңызды сеніп тапсырмағаныңыз абзал. Ал, бақташыға сеніп тапсырылған төрт түлігіңізді жиі тексеріп, қадағалап тұрғаныңыз жөн. Төрт түлігіңіз жоғалса немесе ұрланса, онда сіз уақыт жоғалтпай шұғыл түрде полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде қылмыскерлердің ізін суытпай құрықтауға көмектеседі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер