Алкоголь ішіп көлік жүргізгені үшін 4,5 жылға сотталды

мас.jpg

Кентау қаласында мас хәлде көлік жүргізген адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол көлік жүргізіп келе жатып полицейлерге ұсталғанда үш жылға автомобиль рульіне отыру құқығынан айырылғаны да белгілі болған. 

Түркістан облысының патрульдік полицейлері күнделікті жол бойында тұрып, түрлі оқыс оқиғалардың алдын алып, жол қауіпсіздігі ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір жолаушының аман-есен үйіне жетуі үшін үнемі түсіндіріп, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні елімізде енгізілген карантинге байланысты тәртіп сақшыларының қызметі одан сайын күшейтілді. Осындай кезекті жұмыс күнінің бірінде, Кентау қаласының полицейлер мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

Кентау қалалық бөліміне патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы полиция лейтенанты Тимур Инкарбековтың айтуынша Кентау қаласында рейдтік іс-шара жүргізіп, қызмет атқару барысында «Nissan maxima» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды. Оның құжаттарын тексергенде жүргізушінің 2017 жылдың қазан айында Кентау қалалық сотының шешімімен 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта ішімдік ішіп көлік басқарған. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші «орташа» дәрежеде мас халде болған. Жүгенсіз жүргізуші Кентау ҚПБ-не жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды. Қалалық соттың шешімімен ҚР ҚК-нің 346-бабы 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылықты қасақана жасаған жүргізуші 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жолда сақ болуды, ішімдік ішіп көлік басқармауды, жылдамдықты асырмауды, қарсы бағытқа шықпауды, жол қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бейтаныс әйелдің сөмкесін алып кеткен ерлі-зайыпты ұсталды
  • Билік өкілін қорлаған адамның үстінен іс қозғалды
  • Көршісін ұрып өлтіріп қамалды
  • Карантин кезінде құдалық өткізгендер жауапқа тартылады
  • 11 адамның 3,5 млн теңгесін алдап алған адам ұсталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер