Полицей 3 жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды

сарбалатабу.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Мұның жарқын үлгісін бүгін сарыағаштық тәртіп сақшысы көрсетті.

Бүгін шамамен сағат 10.30-да Сарыағаш қаласындағы орталық базарлардың бірінде Сарыағаш аудандық Полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы полиция лейтенанты Майра Елемесова жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Полицей ару 3 жасар қыздан оның ата-анасы қайда екенін сұрай бастайды, содан кейін адасқан қызмен бірге оларды іздеуге шықты.
Шұғыл іс-шаралар нәтижесінде, жарты сағат ішінде ювеналды полиция инспекторы М.Елемесова қыздың анасын тауып, оған өзінен адасып қалған баласын табыстады.
Көп балалы ананың айтуынша, ол банкоматтан ақша алу үшін балаларымен бірге базарға келген. Әйел кішкентайын үлкен балаларына тапсырып кетеді, бірақ қайтып келгенінде кішкентай қызы жоқ екенін көреді. Содан әйел жоғалып кеткен қызды базардан оған жақын көшелерден іздей бастайды.
Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция лейтенанты Майра Елемесоваға жоғалып кеткен қызының қайтып табылуына көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үш күнде анықталған 12 мас жүргізуші 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды
  • Жас жігітті ұрған бұзақы ұсталды
  • Көліктерден ақша ұрлап, істі болды
  • Полиция құрылыс құралдарын ұрлаған күдіктіні ұстады
  • Полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер