Түркістан полицейлері жүгенсіз жүргізушіні жауапқа тартты

турманевр.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде қылмысты болдырмау және оның алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай бір қылмыстың алдын алу құқық бұзушылық Түркістан қаласында тіркелді.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде жол бойында көлігімен артқа қарай жүріп, жол қауіпсіздігі ережесін бұзған жүргізушінің бейнежазбасы таралған болатын. Аталған құқықбұзушылықты жасаған «VOLKSWAGEN GOLF» маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында Түркістан қалалық Полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл әрекетке кірісті. Тексеру жұмыстары барысында жиырма жасар жүгенсіз жүргізуші анықталып, ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 3 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу», 606-бабы «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы», 614-бабы «Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру» бойынша хаттамалар толтырылды. 

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері жолда жылдамдықты асырмауға, маневр жасау қағидаларын бұзбауға, мүмкіндігінше сақтық шараларын қолданып көлік басқаруға кеңес береді. Жоғарыдағыдай теріс әрекет жасап, өз өмірінен бөлек, өзге де көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, жол бойында кедергі келтірудің соңы жақсылыққа апармайтынын ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бейтаныс әйелдің сөмкесін алып кеткен ерлі-зайыпты ұсталды
  • Билік өкілін қорлаған адамның үстінен іс қозғалды
  • Көршісін ұрып өлтіріп қамалды
  • Карантин кезінде құдалық өткізгендер жауапқа тартылады
  • 11 адамның 3,5 млн теңгесін алдап алған адам ұсталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер