Шардара полицейлері көлікті заңсыз айдап кеткен мас күдіктіні ұстады

99000231_894713811004308_3459044502738567168_o.jpg

Шардара қаласында полицейлер көлік ұрлаған күдіктіні оқиғаның ізін суытпай ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шардара аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын көлігін біреудің айдап әкеткенін айтып арызданған. Жәбірленуші қала ішіндегі көшелердің бірінде орналасқан дүкенге өзіне қажетті заттар алу үшін тоқтап, "Ауди -100" маркалы автокөлігін есігі ашық күйде қалдырып кеткен. Бірақ, 5-10 минут аралығында шыққанында көлігін таппай қалған. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабымен тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Орын алған қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақтағы полицейлерге бағыттама берілді. Соның нәтижесінде 1 сағат ішінде жедел уәкілдер жинақталған құжаттар арқылы көліктің ізіне түсті. Күдіктіні автокөлікті қала шетіндегі үйінің ауласына кіргізіп қойып жатқан жерінен ұстады.

Тексеру барысында күдікті азаматтың ішімдік ішіп алғаны белгілі болды. Ол келе жатып, есігі ашық қалған автокөлікті көріп, айдап кеткені анықталды. Автокөлік айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Құқықбұзушылық жасаған тұрғынның бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 200-бабы "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы көліктерді айдап әкетудің көпшілігі автокөлік иелерінің өздерінің бейқамсыздығынан орын алады, яғни көлік жүргізушілері көбіне "темір тұлпарларын" қараусыз қалдырады, есіктерді жабуды ұмытады немесе кілттерді салонда қалдырады. Осындай жағдайларды болдырмау үшін полицейлер жүргізушілерге сақ болуға және көлікті қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ автокөлікті күзет дабылқаққышымен жабдықтап, күзетілетін тұраққа қою керек. Егер сіз автокөлікті айдап әкетудің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алкоголь ішіп көлік жүргізгені үшін 4,5 жылға сотталды
  • Полицейлер 52 қылмыскерді тауып ұстады
  • Бағлан Халықов полицей болғысы келетіндерге онлайн жауап берді
  • Құқық бұзушы 15 жылдан кейін де жазаланады
  • Қонаққа шақырған туысының телефонын жымқырған күдікті ұсталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер