Полиция арызданған әйелдің ұрланған «соткасын» тауып берді

соткаурлау.jpg

Түркістан облысының полицейлері сөмкеден ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Елімізде ұрлық қылмысының ішінде ең көп таралған түрінің бірі – ұялы телефон ұрлығы екені жасырын емес. Өзгенің мүлкіне көзі түскен ұрылар, ұрлауға да, сатуға да оңай ұялы телефондарды жымқыруды әдетке айналдырған. Осындай ұялы телефон ұрлығының тағы бір жайты Ордабасы АПБ-не тіркелді. Бұл жолы кезекші бөлімге арызданған әйелдің айтуынша, Темірлан ауылынан Шымкент қаласына шыққан уақытта, қай жерде екені белгісіз сөмкесіндегі «OPPO» маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға жасырын ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен енгізілді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрады.

Полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын, жеңіл жолмен пайда табу мақсатымен ұрлық жасаған әйел екені белгілі болды. Ұялы телефонды өзінің қажеттілігіне пайдаланып жүрген. Тәртіп сақшылары телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарылды. Бас шарасы «қолхатта». 

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алкоголь ішіп көлік жүргізгені үшін 4,5 жылға сотталды
  • Полицейлер 52 қылмыскерді тауып ұстады
  • Бағлан Халықов полицей болғысы келетіндерге онлайн жауап берді
  • Құқық бұзушы 15 жылдан кейін де жазаланады
  • Қонаққа шақырған туысының телефонын жымқырған күдікті ұсталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер