Жоғалып табылған қыздың ата-анасы да жауапқа тартылды

2105.jpg

Түркістан облысында жедел уәкіл жоғалған жандарды тауып, отбасына қайтарды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер саласында 8 жылдан бері, оның ішінде жедел уәкіл болып 3 жыл қызмет етіп келе жатқан полиция капитаны Тимур Саитов талай отбасын қуантып, жоғалтқан жақындарын тауып берді. Сөзімізге дәлел ретінде айтып өтер болсақ, жақын арада Сайрам аудандық Полиция басқармасына Түлкібас ауданының тұрғыны арызданды. Әйелдің айтуынша, оның Сайрам ауданындағы колледждердің бірінде оқитын 17 жасар қызы, жұма күні сабаққа кеткеннен қайта үйіне оралмаған. Мүлдем байланысқа да шықпаған. Сенбі, жексенді күндері туыстары өздіктерінен іздегенімен жасөспірімді таппаған. Ақпарат алысымен сайрамдық тәжірибелі сақшылардан жедел тергеу тобы құрылды. Полицейлер жасөспірім қыздың таныстары, дос-құрбыларынан жауап алды, жан-жақты сұрастыру жұмыстарын жүргізді. 1 аптаға созылған іздестіру шаралары нәтижесінде, жедел уәкіл полиция капитаны Т.Саитов қыздың ізіне түсті. Жасөспірімді Шымкент қаласындағы саябақтардың бірінен тауып, отбасына аман-есен жеткізді.

Анықталғандай, қыз бұдан алдын да бірнеше рет үйінен кетіп қалып, полицейлердің көмегімен табылған. Бұл жолы құрбыларымен сөзге келген 17 жасар қыз, Шымкент қаласына бет алған. Сондағы таныстарының үйіне қонып жүрген. Отбасымен дін аман қауышқан қызбен психологтар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оған қоса оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» әкімшілік хаттама толтырылды.                     

Сонымен қатар жасөспірім ұл-қызы, болмаса кішкентай балалары жоғалған жандардан бөлек, ересек туыстарын жоғалтып, полициядан жәрдем сұрайтындар да бар. Мәселен, Сайрам АПБ-ға жас әйел арызданып, жұмысқа кеткен күйеуі келмегенін айтқан. Тез арада іздестіруге кіріскен тәртіп сақшылары, жас жігітті Шымкент қаласынан тауып, үйіне қайтарды. Бұл жанның табылуына жедел уәкіл Т.Саитов ықпал етті. Полиция капитанының қырағылығы, кәсіби шеберлігі арқасында екі бірдей отбасы жақындарымен қауышты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер