Темір жол көпірінен секірмек болған әйел құтқарылды

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуліктеп, демалыссыз қызмет етеді. Олар азаматтардың амандығы мен тыныш ұйқысы үшін қауіп-қатерге де тәуекел етіп, өз қызметтерін мүлтіксіз атқаруға ұмтылады. Сондықтанда шенді қызметкерлердің қызметінде сан түрлі оқиғалар орын алып жатады. Олардың кейбірі тосыннан түсіріп алған оқиға куәгерлерінің арқасында желіде жарияланып, халыққа таралса, көпшілігінде ерлікке толы оқиғалардың болып жатқанын білу мүмкін болмай қалады. 

image.png

Нақтырақ айтар болсақ, 18.10.2021 жылы әлеуметтік желідегі «инстаграм», «фэйсбук» парақшаларында «Түркістанда полиция қызметкері адам өмірін сақтап қалды...» деген мәтінмен бейнежазба таралды. Бұл бейнежазбаға мониторинг жасайтын Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бірден назар аударды. Көпірден адамды құтқарған тәртіп сақшысын анықтау жұмыстары жүргізілді. Ол Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік қызметін ұйымдастыру тобының аға инспекторы полиция майоры Бауыржан Тұрлыбекұлы Саржанов екені анықталды.

image.png

«Қызмет бабымен түстен кейінгі уақытта қаладағы екі мөлтек ауданның арасын жалғап тұрған үлкен темір жол көпірінің аумағында жүрген болатынмын. Шамамен сағат 15:20 өткен еді, құлағыма алыстан құтқарыңыздар деген дауыс естілді. Дауыс шыққан жаққа қарай қарасам теміржолдың үстінен өткен көпірдің жиегінде адам ілініп тұр екен. Көпірден секірмекке ұмтылып тұрған әйел болып көрінді. Бірден тұра ұмтылдым. 10 минутта шығатын көпірге 20 секундта жеттім. Себебі бар ойым әлгі әйелді құтқарып қалу болды. Қасына жеткенде әлгі әйелді жібермей құшақтап, секірмес үшін жылап тұрған тағы бір орта жастағы қызды байқадым. Қыздың жалғыз өзі құтқаруға шамасы келмей тұрғаны көрініп тұр. Менде әлгі әйелді қатты құшақтап алып артқа қарай тартып, көпірдің жиегінен өзіме қарай түсіріп алдым. Ол әйел біраз айқайлап, жіберуімді сұрады. Бірақ менің басты мақсатым азаматтардың қауіпсіздігі болған соң, азаматшаға мұндай қадамға барудың  қауіпті екенін, отбасын ойлау керектігін айтып, біраз әңгімелесіп, көпірдің баспалдағынан дін аман қауіпсіз орынға дейін түсірдім. Содан соң 102-ге хабарласып, әріптестеріме әйелді тапсырдым. Кешкісін әйелдің халін білу үшін хабарын алдым, қан қысымы көтеріліп дәрігерлердің көмегіне жүгінген екен...», - дейді полиция майоры Бауыржан Саржанов. 

Бүгінгі таңда әйелдің жағдайы жақсы. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен әйелге және жанында болған сіңлісіне тиісті көмек көрсетілді. Арнайы психолог мамандары әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар қазіргі уақытта орта жас шамасындағы әйелдің мұндай қадамға баруына нендей себеп болғаны толығымен тексерілуде. 

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер