«AMANAT» партиясы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларды талқылады

Бүгін Түркістан қаласында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері» жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Screenshot_13.jpg

Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында әлеуметтік әділеттілік, отбасылық саясат пен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басымдықтар кеңінен талқыланды.

Кеңеске облыстың әлеуметтік саладағы жауапты тұлғалары мен азаматтық қоғам өкілдері, партия мүшелері және белсенді жастар қатысты. Іс-шараны кеңес төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай жүргізді.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреқызы күн тәртібіндегі тақырыптың өзектілігін атап өтті. Ол Президент Жолдауының елдің әлеуметтік саясатына жаңа серпін беріп отырғанын, әсіресе отбасылық институтты нығайту мен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуде партияның маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Мемлекет басшысы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті басты қағидат ретінде белгілеп, әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Бұл – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен үндес бағыт. Партия әлеуметтік саясаттың барлық деңгейінде нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді», – деді Қалыйма Жантөреқызы.

Өз кезегінде кеңес төрағасы Ғалымжан Елшібай Президенттің «Мықты отбасы – мықты мемлекетке негіз болады» деген қағидасын мысалға келтіріп, отбасы құндылықтарын сақтаудың қоғам тұрақтылығындағы рөлін ерекше атап өтті.

«Әлеуметтік саясаттың өзегі – адам. Әр отбасының әл-ауқаты артқан сайын елдің дамуы да тұрақты болады. Сондықтан әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, жұмыспен қамту, аналар мен балалардың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты тетіктер қажет. Бүгінгі кеңес осы міндеттерді айқындауға бағытталған», – деді ол.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмас Әбдіқадыров** «Әлеуметтік әділеттілік және халықтың әл-ауқатын арттыру: Президент Жолдауы аясындағы басымдықтар мен іс-шаралар» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде Түркістан облысында 130 769 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл — республика көлеміндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі, яғни ел бойынша жоспарланған жұмыс орындарының 14,5 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, Алмас Әбдіқадыров Мемлекет басшысының кедейлікпен күресті ұлттық деңгейдегі стратегиялық міндет ретінде айқындағанын атап өтті.

«Кедейлікті азайту үшін Бірыңғай цифрлық платформа енгізіліп, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдері жетілдірілуде. 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында 3,3 млрд теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Бұл – тиімді мемлекеттік басқарудың нақты нәтижесі», – деді ол.

 Баяндамадан бөлек, субсидияланатын жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламасының орындалу барысы да кеңінен қаралды. Облыс бойынша 32 465 адамды уақытша жұмысқа тарту жоспарланса, қазіргі таңда **29 882 азамат еңбекке орналастырылған. Ал жастар практикасы бағдарламасымен қамтылғандар саны 7 774 адамды құрады.

«Күміс жас» жобасы шеңберінде зейнет жасына таяу азаматтарды еңбекке тарту ісін күшейту, оларға жаңа кәсіптік дағдылар беру мәселелері де талқыланды.

«Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Еркебұлан Мадиярұлы өз сөзінде жастар тәжірибесі бағдарламасының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын жеткізді.

«Көптеген жас мамандар тәжірибе кезінде өзін дәлелдегенімен, тұрақты жұмысқа орналасу қиындықтарына тап болады. Сондықтан жастар практикасын еңбек нарығының сұранысына бейімдеп, жаңа ынталандыру құралдарын енгізу маңызды», – деді ол.

Кеңес барысында қатысушылар өңірдегі әлеуметтік саясатты жетілдіру жолдарын жан-жақты талқылап, бірқатар ұсыныстар білдірді. Атап айтқанда, әлеуметтік төлемдерді цифрландыру, отбасылық бизнеске қолдау көрсету және көпбалалы аналарды жұмыспен қамту шараларын кеңейту мәселелері қозғалды.

Жиынды қорытындылаған Қалыйма Жантөреқызы барлық ұсыныстар мен бастамалардың хаттамаға енгізіліп, партиялық бақылауға алынатынын айтты.

«Біздің мақсат – қоғамдағы әрбір адамның мүддесін қорғап, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Сол себепті бүгінгі кеңесте айтылған ойлар мен ұсыныстар нақты іс-шараларға айналып, партия тарапынан жүйелі түрде қадағаланады», – деді ол.

Кеңес қорытындысында қатысушылар Президент Жолдауының басым бағыттарын іске асыруда **мемлекеттік органдар, партия және азаматтық қоғамның бірлескен іс-қимылы шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «AMANAT» партиясы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларды талқылады
  • ФинIQ – тест на финансовую грамотность
  • ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест
  • «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті
  • Облыстық фракцияның жиынында қысқы маусымға дайындық мәселелері пысықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер