Бас дәрігер қайырымды жандарға алғысын білдірді

Screenshot_7.jpg

Ел ішінде қазіргі пандемия тұсында қолдан келер көмегін аямай отырған қайырымды жандар жетерлік.Соның бір айғағы  жуырда Шардара аудандық орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 оттегі концентраторының табыс­тал­уы. Игі іске ықпал болған «ICC» мақта өңдеу компания­­­сы Қазығұрт және Төлеби аудандық орталық ауруханаларына да оттегі концентраторларын тарту еткен. Коронавирус инфекция­сы­мен күресте аса қажетті дүниені қабылдап алған аудандық ауру­ха­наның бас дәрігері Нұржан Нөсе­ров демеушілерге бүкіл ұжы­мы атынан алғысын білдірді. Жалпы Шардара аудандық ауруханада оттегі концентраторларының саны 40-қа жетті.

Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары аясында аудандық ауруханаға жақында ғана жылжымалы медициналық кешен берілген болатын. Қазіргі таңда ауру­ханада коронавирус инфекциясымен ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Ықтимал екінші толқынға дайындық тұрғысында аурухана 200-ге жуық пульсоксиметр, 9 дана өкпені жасанды тыныстандыру аппаратымен қамтылған. 100 төсек­тік орын орталықтандырылған от­те­гі нүктесімен жасақталған. Ме­­­­ди­­циналық ұйымның қыз­мет­­­кер­лері тарапынан коро­на­ви­рус­­­қа қарсы опера­тив­ті жоспар даяр­­­­­­­­­ланды. Дезинфекциялық ері­тін­ділердің, медициналық мақ­­сат­та­ғы бұйымдардың, жеке қор­ға­ныс құралдарының және дәрі-дәрмек қоры толық жаб­дық­талған. Індетке шалдыққан нау­қас­тарға медициналық көмекті көрсету үшін 16 мобильді топ құрылған.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер