Шөкеев орынбасарын ауыстырды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мейіржан Иябайұлы Мырзалиев тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

54417681_1521983284603823_8547487090911215616_n.jpg

1980 жылы туған Мейіржан Иябайұлының мамандығы – заңгер, экономист, халықаралық саясат магистрі. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетін тәмамдаған. 2006 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін, 2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2016 жылы АҚШ-тың Дьюк университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қалалық құрылысы басқармасының бас маманы болып бастап, қала әкімдігінің Заң және әкімшілік бөлімінің басшысы қызметіне дейін жоғарылаған. 2008-2009 жылдар аралығында ҚР Премьер-министрі кеңесінде Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі (2009-2011), Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі (2011-2013) қызметтерін атқарған.

Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржылық корпорациясында (IFC, АҚШ, Вашингтон қаласы) Ауыл шаруашылығындағы бизнесті дамыту бойынша іс-тәжірибеден (2015) өткен. Елге оралған соң Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016), Премьер-Министрдің кеңесшісі (2017) болған. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етіп келді.

Үйленген, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында коронавирус жұқтырған азаматтар қай аудандардан екені белгілі болды
  • «Қызметіне толық сәйкес емес» Ибрагимов Шөкеевті ұятқа қалдырды
  • Кеден бекеттеріндегі тепловизорлар коронавирус белгілерін анықтаған жоқ
  • Түркістанда жұмысшылардың тапшылығы мен қағазбастылықтан құрылыстар кешігіп жатыр
  • Бір жылда 1 млрд. 200 млн. теңге айыппұл өндірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер