Түркістан зертханалары ковид бойынша тәулігіне 5000 сынама өткізуге дайын

Screenshot_8.jpg

Түркістан облысында коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін тұрақты негізде 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсектік орын ұйымдастырылған. Пандемияның түрлі сценарийіне байланысты төсектік орнын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Медициналық ұйымдарда орналасқан зертханалар тәулігіне COVID-19-ды анықтау үшін 5 мың тест өткізуге дайын. Облыс бойынша тәулігіне ПТР-тест жүргізетін 10 зертхана жұмыс істеуде. Өңірде пандемия басталғалы күні бүгінге дейін барлығы 240 мыңға жуық тест өткізілген.

Облыстық Қоғамдық ден­сау­лық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, өңірдегі медициналық мекеме­лерде өкпені жасанды тыныстандыру аппараттарының саны 178-ден 332-ге дейін артып, өсім 46,4% болған. Ал оттегі стансасының саны 2 есе артып, 8-ге жетіп отыр. Сондай-ақ 80 бірлік оксигенация аппараты сатып алынды. От­тегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетіп, өсім 95%-ды құрады. Оттегі нүктелерінің саны 9,7 есеге артып, 205-тен 2005 нүктеге дейін ұлғайды. Биыл облыстық бюджет есебінен 1 компьютерлік томограф пен 3 сан­дық ретген аппараттары орна­тылды.

сонымен қатар облыстағы медициналық ұйымдардың пульсоксиметрмен қамтамасыз етілуі 190-нан 3 879-ға дейін жетіп, 95,1%-ға артқан. Коронавирус ин­фек­циясының екінші толқы­ны­на дайындық мақсатында облыстың медициналық ұйымдары дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілген. Екі айлық қор қалып­тас­тырылған. Облыс бойынша қазіргі таңда бір адам корона­ви­руспен стационарлық ем қа­был­дауда, ал амбулаториялық жағдайда ем қабылдаушылар – 18. Қарым-қатынаста болған 116 адам – медициналық бақылауда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер