Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу

image.png

Медициналық көмекпен байланысты инфекцияларды адамдар емдеу-профилактикалық мекемелерінде стационарлық  емделгенде немесе  емханаларда тексеріліп,  медициналық көмек алған жағдайларда жұқтыруы мүмкін. Сонымен бірге   медициналық ұйым қызметкерлері кәсіби жұмыстарын атқару барысында әр түрлі ауруханаішілік инфекцияларға шалдығуы ықтимал. Сондықтан ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда медициналық ұйымдар үшін эпидемияға қарсы  дезинфекциялық-стерилизациялық режим талаптарының сақталуы  жоғары маңызға ие.   

Медициналық көмекпен байланысты инфекциялардың түрлері мен оның жұғу жолдары өте көп:

-Медициналық мекеме қызметкерлері санитариялық – эпидемиологиялық режимді, асептика, антисептика ережелердің сақталмауы; 

-ауруханалар мен емханалар  бір реттік медициналық бұйымдармен, дезинфекциялық ерітінділермен толық қамтамасыз етілмегенде немесе оны  дұрыс қолданбаған  жағдайда;

- аппараттар мен медициналық құрылғыларды өңдеу режимінің бұзылуы;

-  нысанның санитарлық жағдайының нашарлығы, желдету, сумен қамтамасыз ету және кәріз тораптарындағы  бұзушылықтар мен т.б факторлар ауруханаішілік инфекциялардың таралуына әсер етеді.

Сонымен қатар, науқастардың да жеке бас гигиеналық ережелерді сақтауы мен   қорғануы маңызға ие. 

Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналык көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың пайда болу себептері  мен таралуын анықтау үшін арнайы инфекциялық бақылау комиссиясымен эпидемиологиялық бақылау  жүргізіледі.

СЭББ тарапынан меншік нысанына қарамастан    2 267 медициналық ұйым тексеріліп, кемшіліктер бойынша   128 748 825 теңге сомасына 2 018 айыппұл санкциясы салынған.  Бұзушылықты жоюға қатысты 157 санитарлық ұйғарым беріліп, 27 материал сотқа жолданған. 

2022  жылы   облыста медициналық  көмек көрсетумен байланысты 12   жағдай  тіркелді. Оның ішінде   5 жағдай отадан кейінгі іріңді  асқынулар,   нәрестелердің  арасында 2 сепсис, босанған әйелдерден 2 жағдай эндометрит, инъекциядан кейінгі  3  абсцес жағдайы  анықталған. 

Н.НЫШАНОВ, Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер