Түймебаев «тарихи жылды» қорытындылады

73829a48237609e3f9ea0640ca9d9ae5_crop_l_12_t_7_w_1501_h_844.jpg

2018 жыл Оңтүстіктің жұртшылығы үшін тарихи жыл болды. Елбасының жарлығымен Шымкент республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылып, жаңадан Түркістан облысы құрылды. Жаңа облыстың орталығы қасиетті Түркістан қаласы болып белгіленді. Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осы жаңа орталықта былтыр атқарған жұмыстары бойынша халыққа есеп берді. 

-Елбасымыздың Түркістанды тек облыс орталығы ретінде ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында мүмкіндікті толық пайдалануымыз қажет,-деді Жансейіт Қансейітұлы ХҚТУ-дың Мәдениет сарайында өткен жиында. 

Өткен жылы облыста болған тағы бір маңызды жаңалық-Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының бөлініп, Келес пен Жетісай аудандары құрылды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында да жағымды жаңалықтар көп. 

Индустрияландыру картасы аясында 18,2 миллиард теңгеге 10 жоба іске асырылып, 800-ден аса жұмыс орны ашылды. Инвестициялық климатты жақсарту мақсатында Түркістан қаласы аумағынан 1 338 гектарды құрайтын «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы ашылды. Түркістанда алғашқы рет «Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік Форум өтті. 

Облыс ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша республикада екінші орында тұр. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарының 43 пайыз бір ғана Түркістан облысында жиналып  (3 миллион тоннағав жуық жуық өнім), рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Республикадағы ет экспортының 54 пайызы Түркістанға тиесілі. Экспорттық ет өнімдері Өзбекстан, Иран, Біріккен Араб Әмірлігіне жеткізілуде. 

Түркістанды туризмнің ордасына айналдыру бағытында тың жобалар қолға алынуда. 3 нысан – «Әзірет Сұлтан» кесенесі, Отырар және Сауран қалашықтары әлемдік туристік тартымдылық тізіміне енді. Түркістан қаласы «Қазақстанның Туристификациялау картасының» республикалық маңызы бар ТОП-10, ал Қасқасу тау-шаңғы жобасы мен Сарыағаш курорты өңірлік маңызы бар ТОП-50 нысан тізбесіне кірді.

Жансейіт Түймебаев есептік кездесуде келесі жылға жоспарланған жұмыстарға да тоқталып,  тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берді.  

«Қасиетті Қазақстан» орталығы тарапынан республика бойынша іріктелген 100 нысанның 25-і облыстан еніп отыр. Бүгінгі таңда біз «Түркістан жастарының құрылыс жасағы» ұйымын құрылып, 500-ден астам азаматтың тізімін жасақтадық. Алдағы ақпан айында мердігер құрылыс компанияларымен меморандумға отырып, наурыз айынан бастап жастарды құрылыс жұмыстарына жібереміз. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігімен және Қ.А. Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетімен бірлескен «Түркі әлемі жастарының Форумы», «Орта Азия жастарының Форумы» атты халықаралық іс-шаралар өтеді. «Жастарды тұрғын үймен қамту» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» мен «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкімен» бірлесіп 1000 жасты баспанамен қамту көзделуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Отаншылдық та өз еліңе, өз жеріңе, өз тарихыңа деген сыйластықтықтан басталады
  • Әйелін ұрып, баласын жылатқанды заң басынан сипай қоймайды
  • Адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажет
  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер