Құтырудан құтылудың жолдары!

image.png

Құтыру ауруы – бұл орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім жағдайына әкеліп соқтырумен сипатталатын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы.  Құтыру ауруының қоздырғышы – вирус (Rhabdoviridae),  ультракүлгін сәулесінің,  залалсыздандыру ертінділерінің  әсерінен және қайнату кезінде  жылдам өледі.

Құтыру ауруы қалай жұғады? – (60%-70%) жағдайларда жұқтыру көзі ит, мысық, үй жануарлары, кеміргіштер болып саналады. Құтырудың табиғи ошақтарында қасқыр, түлкі, қарсақ, шиебөрі және т.б. жабайы хайуандар арасында айналымда болып, үй жануарларына тістелу, тырналу, сілекейленуі арқылы жұғады. Көп жағдайда вирус ауру жануарлардан  жарақат алып, тістелген, тырналған немесе сілекейленген  жағдайда зақымдалған тері қабаты арқылы еніп, нерв талшықтарымен бас, жұлын миына жетіп, онда көбейіп, жинақталады.

Құтыру ауруының негізгі клиникалық көріністері: инкубациялық кезең (ауру қоздырғышын жұқтырғаннан-аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім)  12 күннен - 1 жылға дейін созылуы мүмкін, ұзақтығы тістелген орынға байланысты.

Аурудың алғашқы  белгілері: тістелген тыртық орынының ауыруы, қызаруы, ісінуі, жансыздануы байқалады. Қорқыныш, үрейлену сезімдері пайда болады, басының ауыруы тітіркенушілік, тыныс алу  мен жұтынудың қиындауы және дене қызуының кенеттен 38-40 0С дейін  көтерілуімен сипатталады. Қозу кезеңінде су ішерде, суды көргенде немесе оны ойлаған кезде (гидрофобия) жұтқыншақ пен көмекейдің спазмаларымен, одан әрі  ауаның қозғалысынан (аэрофобия), жарық шамның әсеріне (фотофобия), қатты дауыстың, шуылдың әсеріне (акустикофобия)  ұстама пайда болады.

Құтыру ауруының емі жоқ, алайда аурудың алдын алуға болады.

Құтыру ауруының алдын-алу: Құтырудың алдын алу мақсатында жануарлардан жарақат алып, тістелінген, тырналынған немесе сілекейленген  жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрақты мекен жайы бойынша емдеу мекемелеріне медициналық  көмекке қаралуы қажет. Жануарлардан жарақат алған, тістелген, сілекейленген немесе тырналған жағдайларда  жарақат орыны сабынды таза сумен жуылып, жарақат айналасы йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандырып, міндетті түрде антирабиялық егу алуы тиіс. Әрбір жарақат алған адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі түрде  құтыруға қарсы екпе алу болып саналады. Егер өзіңізге белгілі  иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз, жануарды мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігері жануарды 10 күндік ветеринариялық бақылауда ұстап, сау болған жағдайда – жануардың денінің саулығын растайтын анықтама береді. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егу тағайындалады (0,3,7 күндері). Ал егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда құтыру ауруына қарсы антирабиялық егу жұмыстары толық курсы жүргізіледі.

Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамап ұстау қажет, балаларды және өзгелерді күдікті жануарлардан аулақ ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақырту қажет. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, жергілікті мал дәрігерлеріне көрсетіп, тиісті кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз қажет.

Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

Адамдарға «Құтыру» ауруына қарсы екпелер тегін жасалады!

Т.Жаңабайұлы, Түркістан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің   аса қауіпті 

инфекцияларды және    туберкулезді эпидемиологиялық 

қадағалау бөлімінің басшысы                                                                      



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер