Туберкулез ауруының алдын алу

image.png

Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерінде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

 Инфекция адамдар арасында  ауа тамшылы жолмен  таралады.  Жөтелгенде, түшкіргенде өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі.

Түркістан облысы бойынша туберкулез ауруынан  эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда аурушаңдық 2022 жылы  12 жағдайға төмендеп отыр. Дегенмен өңір тұрғындарының  санитариялық-гигиеналық жағдайларды ұстанып,  сақтық шараларын  ескергені өте маңызды

Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитет төмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық жағдайларда орын алуы мүмкін. Көбіне иммунитеті  төмен адамдарда   тез жұқтыру қауіпі жоғары.  Мәселен, толыққанды тамақтанбау, туберкулезбен ауыратындармен тығыз, қарым-қатынаста болу, маскүнемдік, темекі шегу, нашақорлық сынды факторлар аталған ауруға шалдығуға алып келуі ықтимал.   

Туберкулез ауруының  белгілері

1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел

2. Шаршау және әлсіздік

3. Дене салмағының төмендеуі

4. Температураның ұзақ көтерілуі

5. Түнде тершеңдік

6. Кеуде қуысындағы ауырсыну

7. Қан түкіру

Туберкулездің алдын алу үшін, салауатты өмір салтын ұстану қажет.

Таза ауада серуендеу, жеке гигиена ережелерін сақтау , жөтел этикетін сақтау, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, сондай-ақ,  жаңа туылған сәбиге БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау және 6-7 жаста қайта ревакцинациялаудан өту керек. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау шаралары аурудың алдын алудағы  пәрменді емдеудің бірден бір жолы. 

Н.Нышанов, Түркістан облысының СЭБД басшысы 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер