Жұмыс атқарылмаса да қаржы бөлінген

image.png

Қаржы ми­нис­тр­лігі Ішкі мемлекеттік аудит­ комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Түркістан облы­сы­ның тұрғындарымен және бизнес субъектілерінің өкілдерімен кездесті. 

Кездесу барысында комитет төрағасы 11 ай­дағы қол жеткізілген көр­сет­кіштер, қолданыстағы шаралар және алдағы кезеңге жоспарланған жоспарлар туралы баяндады. Мәселен, өткен жылдың 11 айында 2 151 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, қаржылық бұзушылықтар анық­та­лып, бюджетке өтелді. 8 761 аудит материалдары бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес әкімшілік істер қозғалды, олар бойынша 1 886 адам жауапқа тартылған. Ал 186 іс туралы материал құ­қық қорғау органдарына жолданды және соманың 92%-ы ­ бюджетке қайтарылды. Былтыр жыл басынан бері түрлі сала­­­лардан барлығы 37 мыңға жуық өтініш келіп түскен, оның ішін­де шамамен 22 734 қана­ғат­тан­дырылды. Оның ішінде 30 мың­нан астамы – мемлекеттік сатып алу рәсіміне байланысты жүгінген заңды тұлғалар. Қалған жеке тұл­ға­лар­дан келіп түскен 7 мың­нан астам өтінішті қа­рас­­тырып әрқайсысына жа­уап берілген. Өтініштердің көбісі құрылыс, білім беру, көлік, жолаушылар тасымалы және медицина саласындағы бюджеттік ақшаны жұмсау мәселелеріне қатысты болып келеді. «Тексеру нәтижесінде 311,8 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анық­тал­ды. Олардың 11,5 млрд тең­гесі бюджетке өтелді, 31 млрд теңгеге тауарлар жеткізіліп, қыз­­­меттер көрсетілді, жұмыстар орын­далды және 244,7 млрд теңге­­ге бухгалтерлік есеп бойын­ша кемшіліктер өз қалпына сәйкестендірілді. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған екі мыңға жуық ұсыныс беріліп, оның 74%-дан көбі орындалды. Негі­зінен, бұзушылықтар бюджет қаражатын бұрыс жоспарлау­­­дан орын алады. Соның салдарынан бюджет қаражатын асыра жос­­­парлау, жалақы немесе басқа да төлемдерді негізсіз аудару, орындалмаған жұмыстар және атқарылмаған қызметтер үшін бюджет қаражатын негізсіз төлеу фактілері жиі орын алады», деді комитет төрағасы. 

    Оның ішінде Түркістан облысына қатысты деректерді де атап өтті. Айтуынша Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мекемесінде электр желілері қосалқы стансасын салуға орындалмаған жұмыстар үшін 356 млн теңге аударылған. Ал «Төле би ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі 8 млн теңгені жеке ашылған есепшотына негізсіз артық аударғаны анықталып отыр. Қабылданған шаралармен жоғарыда айтылған сомалар бюджетке толық көлемде өтелген. Тиісті материалдар құқық қорғау органдарына беріліп, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 Комитет төра­ға­сы мысал ретінде келтірген та­ғы бір дерекке қарағанда, Төле би ауданының құрылыс, сәу­лет және қала құрылысы бөлімімен Ш.Уәлиханов атын­дағы №16 мектепті реконструкциялау кезінде 17,7 млн теңге атқарылмаған жұмыстар үшін төленген. Аудит материалдары процессуалдық шешім қабыл­дау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Жиында сондай-ақ Е.Мыңжасаров коми­теттің барлық аумақтық бөлім­шелерінде мемлекеттік ме­­кемелердің қаржы-шаруа­шы­лық қызметіне электрондық аудит модулі іске қосылғанын айтып өтті. Жаңа электрондық аудит платформасы арқылы 18 аудит іс-шарасы тағайындалып, оның 9-ы аяқталған. Аталған аудит арқылы 2,3 млрд теңгені қамтып, бюджеттік және де басқа заңнамалардың нормалары 12,5 млн теңгеге бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 3,7 млн теңге бюджетке өтелді. Со­ны­мен қатар электрондық аудитті жүргізуді Ішкі аудит қыз­меттеріне де тарату жос­пар­ланып отыр. Комитет төра­ғасының айтуынша, сапалы тауарларды, жұмыстарды, көр­сетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өмірлік цикл құнын пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Сатып алудың осы әдісін жүзеге асыру кезінде өнім берушіні таңдау бастапқы баға негізінде емес, тауардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде жүзеге асырылады.

Кездесуге қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары А.Сәбитов өңірдің 2022 жылы  қол жеткізілген көрсеткіштері туралы баяндама жасап, тұр­ғын­дар­дың сұрағына жауап берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан мектептерінде "Ясауитану" пәні оқытылмақ
  • Анасы өлтірген болуы мүмкін марқұм балалардың бірі ұл, біреуі қыз
  • Тасада тұрған «диспетчерлер» кімдер? Леңгірде көше атауының дауы 5 жылдан бері созылып келеді
  • Базардан кітапхана ашылды. Түркістанда тың бастама қолға алынды
  • Имандылыққа шақырған жүздесу болып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер