Үш тіл үйрететін балабақша

уштил.jpg

Шымкентте біліс күні мерекесі қарсаңында қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшынша да үйрететін балабақша ашылды. Жаңа балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі ғимаратты аралап көріп, ондағы балаларға жасалған жағдаймен танысты. Бүлдіршіндердің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, балалар мен ата-аналарды және тәрбиешілерді балабақшаның ашылуымен құттықтады.

Жаңа үлгіде салынған бөбекжай 900 баланы қабылдауға қауқарлы, 31 топқа арналған. Онда балаларға арналған ойын бөлмесі, асхана, музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары бар. Бұдан бөлек, балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, балалардың психологиялық ерекешіліктерін қадағалайтын психолог, логопед және ұстаздар бөлмелері бар. Мұнда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, бүлдіршіндердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақша бөлмелері ойын алаңшалары, жатын бөлмелер, дәліздер бейнекамерамен жабдықталған.

Сонымен қатар, әкім Абай Құнанбаев атындағы жекеменшік 1200 орындық мектепті аралап көрді. Мектепте балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Білім ордасында оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндігі бар.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Үш тіл үйрететін балабақша