Шымкентте 3 ай тегін оқып, 3 млн несие алуға болады

69069680_2298452333801053_4324389939396476928_n.jpg

Шымкентте 3 ай тегін кәсіби курс оқып, кәсіп ашуға 3 млн теңгеге дейін несие алуға болады. Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық активінің мәжілісінде осылай деген қала әкімі Ерлан Айтаханов масылдықтан арылуға шақырды. 

Қала басшысының қатысуымен өткен жиында Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қабылданған шешімдерден туындайтын міндеттер белгіленді. Партия активінде Ерлан Қуанышұлы «Nur Otan» Партиясының кеңейтілген саяси кеңесінде Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы қоғамда кең талқыланып, қолдау тауып жатқанын атап өтті.

– «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша кез келген азамат 3 айлық тегін кәсіби курстарын оқуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, жеке кәсіп ашуға 3 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған осындай мүмкіндіктерді пайдаланбай, қол қусырып жұмыс істемей үйде отыру –  еріншектік пен қоғамдағы масылдықтың белгісі. Оңтүстіктің халқы әрқашан өзінің еңбекқорлығымен өзгелерге үлгі болған. Сондықтан, біз еріншектікке салынбай, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған барлық бағдарламаларды пайдаланып, жұмыс істеуіміз керек. Ал, партия мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан бағдарламалардың орындалуына партиялық бақылауды күшейтуі қажет деп санаймын. Барлығымыз бірлесіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға шақырамын, – деді қала әкімі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте есеп айырысу терминалы жоқ сауда орындары жабылады
  • Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды
  • Шымкентте бетпердесіз жүруге тыйым салынады!
  • Шымкентке кіретін және шығатын барлық жолдар жабылады
  • Шымкенттің жас ақыны бас жүлде – 1 млн теңгені жеңіп алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер