«IT-SYNYP» балаларға робот жасауды үйретеді

image_750x_5b10ecc6963d6.jpg

Енді шымкенттік балақайлар жазда бос уақыттарын тиімді пайдаланып, компьютерді тереңірек меңгере алады. Кеше Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде IT және цифрландыру орталығында «Нұр Отан»  партиясының «IT мамандарды даярлау» жобасы шеңберінде балаларды бағдарламалауға және IT мамандықтарының дағдыларына үйрететін алты ақысыз «IT-Synyp»  сыныптарының ашылуы өтті. Компьютерлік сыныптар 8-16 жас аралығындағы сексен баланы оқытуға арналған. Жұмыс күндері сабақ оқушылардың оқудан тыс уақытысында өткізіледі. Дарынды балаларға арналған оқыту тереңдетілген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Мұнда балалар алгоритмдер құрып, веб-сайттар мен қосымшалар жасауды, роботтар құрастыруды үйренеді. «IT-SYNYP» компьютерлік орталықтары Wi-Fi аймақта орналасқан. Мульдимедиялық подиумдармен қамтамасыз етілген. НР-24 компьютерлік 80 моноблокпен, жоғары жылдамдықты интернетке қосылған Web-камералармен жабдықталған. Арнайы роботтар мен 3D принтері бар.


    Облыстық білім басқармасы мамандарының мәліметінше, жыл соңына дейін 4500 бала, ал алдағы жылы 9000 бала IT саласын меңгеріп, білімін жетілдіреді. Және 2019 жылы күнгейде тағы 8 100 оқушыны қамтитын 30 IT сыныптың ашылуы да жоспарланып қойыпты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Әйел аманаты» жобасы аясында гендерлік саясат мәселелері қаралды
  • Шымкентте «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Еңбек адамы – елдің рухани және экономикалық тірегі
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы жемісін беруде
  • Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – экономикалық дамудың кепілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер