Жаппай жаттығу жасады

image_750x_5b0fbc4752217.jpg

Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткелерді, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және  бағытталған» делінген. Жолдау аясында Шымкент қаласында республикалық «Чаллендж! Сенің жаңа қырың!»  атты денсаулық акциясы болып өтті. Бірінші рет өткізіліп отырған бұл игі бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауына ие болып, бүгінде еліміздің барша өңірлерін қамтуда.  Әнұранның орындалуымен басталған акцияны телекөпір арқылы Астана қаласынан еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашты. Ол көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін аталмыш акцияны қолдауға шақырды. Спорттық іс-шараға атақты спорт саңлақтары мен студенттер, спорттық мектептер және қала тұрғындары қатысты. Кең байтақ еліміздің барлық облыс, қалаларын қамтыған акцияда әр аймақтың спорт өкілдері аталмыш бастама жөнінде өз ойларын жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртайұлы өңірде 700 мыңға тарта адамның салауатты өмір салтын ұстанатынын және жастардың бұл акцияны әрдайым қолдауға дайын екендігін жеткізді.


      Алаңға жиналған жастар «Сенің жаңа қырың» акциясын қолдау мақсатында жалпылама дене жаттығуларын жасап, флэшмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар спорт мектептерінен балғын каратэшілер жаттығу көрсетілімін ұсынды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте бетпердесіз жүруге тыйым салынады!
  • Шымкентке кіретін және шығатын барлық жолдар жабылады
  • Шымкенттің жас ақыны бас жүлде – 1 млн теңгені жеңіп алды
  • Шымкентте 70 полицейдің шені жоғарылады
  • Полицияға көмектескен шымкенттіктерге құрмет көрсетілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер