«Өзім үшін, балаларым үшін темекіні тастаймын!»

image_750x_5b10e6637bf17.jpg

Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткелерді, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және  бағытталған» деп атап өткен болатын. Осы орайда дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күніне орай Шымкентте  ОҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйытқы болуымен  «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» атты шара өтті. Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер арасында «Өзім үшін, балаларым үшін темекіні тастаймын!» атты байқау  ұйымдастырылған болатын. 15 қатысушы арасынан 3 азамат жеңімпаз атанды. Салауатты өмір салтын ұстанып, темекімен қош айтысқандарға түрлі сыйлықтар беріліп, мақтау қағазымен марапатталды. Рауанхан Әуелбеков  бауқауда жеңімпаз атағандардың бірі. Темекіге кезінде әуес болған ол бүгінде жат қылықтан арылған және өзгелерге де салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап жүр. Статистикалық деректерге сүйенсек әлемде 1 миллиардтан астам шылым шегушілердің 80 пайызға жуығы түрлі ауруға ұшырап, ел дамуы жолында тиесілі табыс деңгейін төмендетіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте есеп айырысу терминалы жоқ сауда орындары жабылады
  • Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды
  • Шымкентте бетпердесіз жүруге тыйым салынады!
  • Шымкентке кіретін және шығатын барлық жолдар жабылады
  • Шымкенттің жас ақыны бас жүлде – 1 млн теңгені жеңіп алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер