Шымкентте баспанаға байланысты жаңа бастамалар қолға алынады

дома.jpeg

Шымкент қаласында «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биыл көпқабатты 132 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Бұл туралы Шымкент қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев айтты. 

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында қаладағы банк өкілдері және құрылыс басқармасы мамандарының өңірдегі «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру жайын талқылаған жиынында айтылғандай,  Өтенбаев таратқан деректерге сүйенсек, 132 көпқабатты тұрғын үйдің 5-еуі биыл пайдалануға берілген. Жоспарға сай тағы 6 көпқабатты үй жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі екен.

Басқарма басшысының орынбасары жоспарланған 123 көпқабатты тұрғын үйден бөлек, «7-20-25» бағдарламасы аясында “SHYMKENT” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамы тарапынан 1016 пәтерлік көпқабатты 24 тұрғын үй салынып жатқанын жеткізді.

Кездесуде Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің мүшелері басқармалар мен банктерге аталған бағдарлама аясында жұмысты жандандыру мақсатында тығыз қарым қатынас орнатып, тұрғындарға оңтайлы болу үшін жаңа бастамаларды қолға алуды ұсынды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер