Үздік медицина қызметкерлері марапатталды

image.png

Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент қаласында ерекше жылылық пен құрметке толы шара өтті.  Денсаулық сақтау жүйесінде еңбек етіп, кәсібилігімен, жанкештілігімен ел сенімін ақтап жүрген медицина қызметкерлері  марапатталды. 

Шымкент қалалық «SENIM» салалық кәсіподағының ұсынымымен үздік мамандарға Төс белгі, Құрмет грамотасы және Алғыс хат табысталды.

   Марапаттарды Шымкент қаласы Профсоюздар орталығының төрағасы Бауыржан Алтеев пен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қобланбек Оналбеков бірлесе табыстады. Бұл — медицина саласының қызметкерлерін қолдауда кәсіподақтардың ортақ ұстанымын айқын көрсеткен сәт болды.

Өз сөздерінде олар медицина қызметкерлерінің қоғам денсаулығын қорғаудағы айрықша рөлін атап өтіп, адал еңбекке, жоғары кәсіби жауапкершілікке және адам өміріне деген құрметке ризашылықтарын жеткізді. Жүйелі медициналық қызметтің тұрақтылығы мен тиімділігі — дәл осындай мамандардың еңбегінің арқасы екенін ерекше атап өтті.

Төс белгісі:

- Құрманбекова Гүлнар Мамытқызы

- Медетов Болат Сабырұлы

- Ысқақова Бақыткүл Амангелдіқызы

Құрмет грамотасы:

- Маженова Фарида Төрегелдіқызы

-Алтаева Балғын Нұранқызы

- Сәрсебаева Ләззат Боранбайқызы

- Құрбанова Балхия Рахматуллақызы

- Тоғамбаева Ділназа Юсупходжақызы

- Бабаханова Асылзат Талғатқызы

Алғыс хат:

- Ахметова Гүлмира Ниязбекқызы

- Әлімова Айгүл Олжабайқызы

- Убраимов Ирисалихан Зундунханұлы

- Ахбаев Өркен Айдарханұлы

- Төлебанова Майра Әбдібәкиқызы

- Адырбеков Жанарыс Серікұлына табысталды.

Бұл іс-шара — медицина қызметкерлерінің еңбегі әрдайым құрметке лайық екенінің жарқын дәлелі. Көрсетілген марапаттар — олардың жанкешті еңбегіне, кәсіби шеберлігі мен адам өміріне деген жоғары жауапкершілігіне көрсетілген шынайы алғыс.

Кәсіподақ ұйымдары алдағы уақытта да медицина саласы қызметкерлерін қолдауды, еңбек жағдайларын жақсартуға және әлеуметтік қорғанысын күшейтуге бағытталған бастамаларды жалғастыра беретінін атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үздік медицина қызметкерлері марапатталды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы» қорытындыланып, үздіктер марапатталды
  • Газ техникалық қызметіндегі жұмысшыларға құрмет көрсетілді
  • Шымкент тұрғындарының жайлылығы жолындағы адал еңбек
  • Заң талаптарын бұзған нысандар жауапқа тартылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер