Айтаханов Шымкенттің шалғайындағы ауылдарда бизнесті дамытуды тапсырды

спк.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымымен кездесіп, оларға мегаполис маңындағы елдімекендерде шағын және орта бизннесті дамытуды тапсырды. Кездесу барысында ұзақ мерзімді әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру арқылы инвесторларды тарту, жұмыс орындарын құру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. 

Бұдан бөлек, «Автобус паркін жаңарту», «Шымкент сити» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу, әлеуметтік нысандар құрылыс жобасын сәтті жүзеге асырудың жолдары мен мәселелері қарастырылды.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бүгінгі таңдағы негізгі басым аспектісі инвесторлар үшін қолайлы орта құру және жаңа әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру болып табылады.

Жобалық кеңсе институтын енгізу – бұл уақыт талабы екеніне тоқталған қала басшысы, бұл жобаларды сапалы орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазіргі уақытта «Shymkent» ӘКК» АҚ жобалық басқаруға өтті, оның артықшылықтары жоба мен міндеттерді басқару, мобильді кеңсе және жобаға бағдарланушылық болып табылады. 

Кездесу соңында қала әкімі тиісті салалық басқармаға корпорациямен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларға бақылауды күшейтуді айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте есеп айырысу терминалы жоқ сауда орындары жабылады
  • Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды
  • Шымкентте бетпердесіз жүруге тыйым салынады!
  • Шымкентке кіретін және шығатын барлық жолдар жабылады
  • Шымкенттің жас ақыны бас жүлде – 1 млн теңгені жеңіп алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер