Шымкентте ата-аналарға тегін кеңестер берілді

ортсаяб.jpg

Шымкенттің Орталық саябағында білікті мамандар ата-аналар мен балаларға кеңестер беріп, түрлі қызметтерін ұсынды. Қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма мен «Жастар ресурстық орталығы» өткізген «Otbasy fest» фестивальінде қала тұрғындары мен олардың отбасы мүшелеріне арналған секциялар ұйымдастырылған. 

Шарада кеңес беру бұрышы, спорттық жаттығулар, дұрыс тамақтану, балаларға арналған мультфильм, конкурстар, ұтыс ойындары, тамақ фестивалі, концерттік бағдарламалар өтті. Ұрпақтар сабақтастығын ұлттық дәстүрдегі қазақстандық отбасының үлгісін насихаттайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен парасаттылық принциптерін енгізу мәселелері қамтылды.

Фестиваль кезінде ата-аналар мен балаларға қажетті қызмет түрлері көрсетілді. Тұрғындарға заңгерлерден кеңес алу мүмкіндіктері де қарастырылған. Визаж, шаштараз, тырнақ әрлеушілері де қызметтерін ұсынды. Сондай-ақ йога, би, ашық ауада флэшмоб, концерттік бағдарламалар өтті. Балалар мен ересектер арасында сән көрсетілімі өткізіліп, көңілді конкурстар мен ойындар өтті.

Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар таратылып, барлық жанұяға арналған тимбилдингтер, әртүрлі шоу түрлері ұйымдастырылды. Атап айтқанда айна, сабын, қағаз, трансформаторлық шоулары өтті. Трамплиндер мен аквагримерлер, қуыршақ театры мен аспаздық студия және тағы басқалары да бар.

Сондай-ақ, қатысушыларға балмұздақтар мен тәттілер үлестіріліп, мерекелік шара концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. №3 және №4 балалар үйі тәрбиеленушілеріне «Гауһар тас» тігін фабрикасының демеушілігімен жаңа оқу жылына мектеп формалары таратылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте есеп айырысу терминалы жоқ сауда орындары жабылады
  • Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды
  • Шымкентте бетпердесіз жүруге тыйым салынады!
  • Шымкентке кіретін және шығатын барлық жолдар жабылады
  • Шымкенттің жас ақыны бас жүлде – 1 млн теңгені жеңіп алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер