Шымкент әкімі ұсыныстар күтеді

кенес.jpg

Бүгін Қоғамдық кеңес мүшелерімен танысқан Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов олардан халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, оны билікке жеткізетін ұсыныстар күтетінін айтты.

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаевтың жетекшілігімен өткен жиында қаланың спорт саласын дамыту жайы, мәдениет саласындағы, ауылшаруашылығы және ветеринарияға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша жауапты сала басшыларының баяндамаларын тыңдаған кеңес мүшелері көтеріліп отырған мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Қоғамдық кеңестің белсенді мүшесі, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дариягүл Қожамжарованың айтуынша, аталған оқу орны 2019-2020 жаңа оқу жылында отыз мың студентке білім бермек. Осыған байланысты ол Шымкент қаласын студент жастардың Hub орталығына айналдыру мақсатында жатақхана мәселесін шешуге көмектесуді сұрады.

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков Қоғамдық кеңестің жұмысын жандандыру мақсатында кеңес мүшелерінің санын арттыру туралы ұсынысын айтты.

Бүгінгі таңда кеңес құрамында түрлі саладан құралған 27 мүше болса, олармен жыл басынан бері 6 отырыс өткізіліп, 18 нормативтік акт жобалары келісілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі
  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер