Қаратау аданына жаңа әкім тағайындалды

абзал.jpgШымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс өткен елу төртінші сессиясында қала әкімі Ерлан Айтаханов ең бірінші кезекте Шымкент қаласы Қаратау ауданына жаңа әкімді тағайындауды ұсынды. Оған ауданның бұрынғы әкімі Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босату туралы білдірген өтініші себеп болды. Президент әкімшілігінің басшылығы бұл өтінішке келісім беріп, Исамидин Мұхитдинұлының лауазымынан босатылған. Осыған байланысты ҚР Контитуциясының 87 бабына сәйкес Қаратау ауданының әкімінің лауазымына Абзал Шымкентбайұлы Әліқұловтың кандидатурасы ұсынылды.

Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы бұған дейін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Өз кезегінде қала мәслихатының депутаттары ұсынылып отырған үміткердің тәжірибелі маман екенін ескере, осы лауазымға лайықты деп шешті. Дауыс беру кезінде халық қалаулылары бірауыздан Абзал Әліқұлов үшін қол көтеріп, Қаратау ауданы әкімі лауазымына тағайындалуын мақұлдады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұрат Әйтенов: жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды
  • Фестивальдер мәресіне жетті
  • Шымкентте жаңа оқу жылы Абай өлеңін оқумен басталды
  • Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
  • 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер