Айтаханов проблемаларды жасырмай шешуге шақырды

айтакогамкенес.jpg

Бүгін Шымкент қаласы әкім әкімі Ерлан Айтаханов қоғамдық кеңес мүшелерін проблемаларды жасырмай бірге шешуге шақырды. Бұл туралы шаһар басшысы қала әкімдігінде өткен аталған кеңестің кезекті отырысында айтты. 

Кеңестің күн тәртібінде спорт пен мәдениет саласын дамыту, ауылшаруашылығы және ветеринария саласы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы органдарға, жергілікті билікке халықпен ашық әрі шынайы байланыс орнатуды тапсырғанын айтқан әкім проблемаларды жасырмай, керісінше шешу жолын қоғамдық кеңеспен бірлесе отырып қарастыру қажет екенін атап айтқан болатын.

– Біз проблемаларды жасырмай, керісінше шешу жолын қарастыруымыз қажет. Жергілікті қоғамдық кеңес осы бағытта бізбен тығыз байланыста жұмыс істейді деп сенемін. Ел мүддесі жолындағы әрбір жақсы әрекет азаматтың бағын ашып, абыройын көтереді. Сондықтан біз алдағы уақытта тығыз байланыста болып, қаланың ең өзекті мәселелерін бірге шешетін боламыз, – деді қала басшысы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер