Шымкентте түсірілген фильмдер жоғары бағаланады

67746572_2440057586042499_1218082725492162560_n.jpg

Бүгін Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қаппарбова Шымкент қаласындағы «САҚ» киностудиясының жұмысымен танысты. Киностудия директоры Нуриддин Паттеев пен режиссер Батырхан Дәуренбеков депутатпен шығармашылық ой пікірлерімен, жаңа жобаларымен бөлісті.

Сенатор биыл қабылданған «Кинематография туралы» заң киноөндірісті қолдауға, ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халық үшін кино көру қызметінің қолжетімділігі мен отандық кино беделінің өсуі мен танылуы үшін заңнамалық негіз жасалғаны жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ кино және анимация саласын мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері сөз болды.

Айта кетейік, «САҚ» киностудиясы «Томпақ», «Қалқанқұлақ» сериалдарымен, «Қазақ елі», «Теке мен Қошқар» анимациялық фильмдерімен танымал. Бүгінге дейін киностудия 60-тан астам анимациялық және 6 толықметражды фильм түсірген. Бұдан бөлек, аталған киностудия биыл «Төле би» 10 сериалы кинохикаясын, «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы», «Ордабасы – бірліктің туы» атты анимациялық фильмдер түсіріп, ел назарына ұсынды. Ол туындылар көрермен тарапынан жоғары бағаланған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте молодёжь Ассамблеи укрепляла единство и дружбу
  • «Ассамблея жастары» Шымкент төрінде
  • Шымкентте бір күнде 172 тонна қоқыс шығарылды
  • Үшінші мегаполисте дарынды балаларға арналған лагерь ашылады
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер