Шымкенттің өрт сөндірушілері қанмен де адамдарды құтқарады

67697562_2283510365295250_4331453597230301184_o.jpg

Шырайлы шаһардың өрт сөндірушілері Шымкент қаласындағы қан орталығына келіп қан тапсырды. №5 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Танат Шалдарбеков адам өмірін осылай да құтқаруға болатынын жеткізді.

Қан орталығының мамандары донор қаны мыңдаған адамдардың өмір сүруіне мүмкіндік беретінін және оған деген қажеттілік төмендегенін айтады. Негізгі қанды және компонентін аурухананың жан сақтау, жарақат, онкология, жаңа туылған нәрестелер бөлімдері қажет етеді. Мұндай донорлық қайырылымдық ісіне шымкенттік өрт сөндірушілер өз үлесін қосуға шешім қабылдағаны көпшілікті қуантты.

– Біздің жұмыс адамдарды құтқарумен байланысты. Ант қабылдағаннан кейін біз жұмыстан тыс кезінде де оны орындауымыз қажет, сондықтан да біздің ұжым мұндай іс-шараларды қолдап отырады. Біздің біреуіміз сирек қан тобына ие болуымыз мүмкін, оттан болмаса да, осылайша ол кезде біз бір өмірді құтқара аламыз, – дейді №5 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Танат Шалдарбеков.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер