Шымкенттіктер құқықтық сауаттарын тегін арттырады

67797585_2282375168742103_5455851476700102656_n.jpg

Үшінші мегаполисте тұрғындар тегін заңгерлік көмек алып, өздерінің құқықтық сауаттылықтарын арттыра алады. Бұл бағытта Шымкентте азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге арналған «Qorgau» жобасы басталды. Жаңа жобаның алдағы жұмысы туралы «Отырар» медиахолдингінде өткен баспасөз жиынында жобаның аймақтық үйлестірушілері мәлімдеді.

«Qorgau» – халық көмекшісі. Ол 200-ден астам өзекті тақырыпты қамтиды. Жобаны аймақтық бөлімшелерін ашуды азаматтық сектордан, үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері қолға алған. 

– Бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, оларға тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылады. Әр өңірге бекітілген заңгерлер алдағы 4 ай бойы тұрғындарға кеңес береді. Жұмыс күні ішінде кез келген жас заңгердің көмегіне жүгіне алады. Бізде басына күн туғанда ғана заңгерді іздейтіндер көп. Ендігі жерде мәселелерін тыңдауға дайынбыз, – дейді миллионды қаладағы аталған жобаның үйлестірушілері Жанболат Жамантаев пен Сабира Байзақова.

«Qorgau» ауқымды жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, «Азаматтық бастамалар орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен «Бірінғай Call-орталық құру арқылы Құқыққорғаушы кешенді жобаның іске асырылу» гранты шеңберінде жүзеге асырылуда. 2019 жылдың 1 тамызынан бастап елдің барлық қала-ауданында 210 заңгерлік кеңес беру бөлімі ашылды. Шымкент қаласындағы бөлім жастар ресурстық орталықтарында орналасады.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер