Айтаханов өрт қауіпсіздігін шетелдіктермен бірге талқылады

91db6f5d-fc45-4fe0-afde-4063d9f880f5.jpg

Бүгін Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов Беларусь Республикасының «Пожснаб» жауапкершілігі шектеулі қоғамының өкілдерін қабылдады. Кездесуге келген беларустық мамандар заманауи өрт сөндіру техникаларын, арнайы жабдықтарын ұсынды және олардың мақсаты мен техникалық сипаттамасын түсіндірді.

Қала басшысы өрт сөндіру техникасының талапқа сай болу керектігін атап өтті.

– Бүгінде еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы халқының саны артып, шаһарда жаңа зәулім ғимараттар салынуда. Ал, мұндай биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін сақтау және тілсіз жаумен күресу оңай шаруа емес. Өрт мезгіл немесе уақыт таңдамайды, кез-келген уақытта лап беруі мүмкін. Сондықтан, өрт сөндірушілер заман талабына сай жаңа техникамен қамтылуы қажет, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру бөлімшелерінде бүгінгі күні 75 бірлік техника болса, оның 13 бірлігі 20 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді және бұл көрсеткіш қала гарнизонына тиесілі техниканың 17 пайызын құрайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер