Шымкентте «қызыл плюс» бағдаршамдары орнатылуда

69001004_2284336865212600_5728333367418552320_o.jpg

Еліміздің үшінші мегаполисінде Қ.Рысқұлбеков пен Ғ.Иляев көшелерінің қиылыстарында және Тәуке хан даңғылы мен Сайрам көшесінің қиылысында жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында «Қызыл плюсті» қосымша реттеуші белгі-бағдаршам орнатылды.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің маманы Серік Жақсылықовтың түсіндіруінше, егер аталған бағдаршамдарда «қызыл плюс» жанып тұрса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүргізушілері үшін қозғалысқа тыйым салынғанын, ал солға бұрылып келе жатқан жүргізушілер қарсы көліктің өтуін күтпестен маневр жасай алатынын білдіреді. Егер «қызыл плюс» жанбайтын болса, ол қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін қозғалыс рұқсат етілгендігі, ал солға бұрылатын жүргізушілер қарсы көліктің жүруін күтуі тиіс екендігі туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 қазандағы № 667 қаулысымен Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесіне толықтырулар енгізілді, яғни 5-ші «Сигналдық бағдаршам» бөліміне 5.9-1 тармағы «қызыл плюс-бейнелі бағдаршам» қосылды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер