Қысқа дайындық күшейтіледі

2cb3aa1b-facc-44f4-8cfa-ef8e6b266289.jpg

Отандық метеоролог мамандардың айтуынша, биыл қыс суық әрі ұзақ болады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен өткен жылу маусымына байланысты штаб отырысына айтылды. 

Жиында мектеп пен денсаулық сақтау мекемелерінің жылыту маусымына дайындығы, ішкі орам көшелеріндегі жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеуі және қаланың тұрғын үй қорын дайындау мәселелері қаралды.   

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді талап еткен қала басшысы отандық метеорологтардың  биылғы қыстың суық әрі ұзақ болатынын айтып отырғанын ескертті. Сондықтан, жылу маусымына мұқият әрі тиянақты дайындалу қажеттігін және мұндай істе қателіктерге жол беруге болмайтынын атап өтті. Соған байланысты Ерлан Қуанышұлы бастаған жұмыс тобы бүгін аталған мәжіліске дейін «Нұрсат» ықшамауданындағы 60 көпқабатты тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратты жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз ететін қазандық пен «Солтүстік» шағынауданындағы РК-3 қазандығын және «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамында болып, кестеге сай жүргізулі тиіс жұмыстар барысымен танысқан болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ
  • «OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде
  • Адал еңбектің құны жоғары
  • Специалисты пищевого производства востребованы всегда
  • Когда работа в удовольствие
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер