Шымкент әкімі жылыту қазандықтарын тексерді

8157b403-0ac9-4dda-b686-d53303d2bd3d.jpg

Бүгін Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысты.

Ең алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал. болатын қазандықтың жұмысын көрді. Аталған жылу беру орталығы «Нұрсат» ықшамауданындағы 60 көпқабатты тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратты жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. 

Мұнан соң Ерлан Қуанышұлы бастаған жұмыс тобы «Солтүстік» шағынауданындағы РК-3 қазандығының және «3-Энергоорталық» АҚ-да болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда бұл орталықтардағы қазандықтарда орташа жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. «3-Энергоорталық» мекемесі қаланың оңтүстік бөлігін жылумен және жылу сумен, сондай-ақ, қала тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді.

Жылу жүйесінің дайындық барысын пысықтаған қала басшысы сапар барысын қорытындылай келе салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың белгіленген уақытта жылумен қамтылуын міндеттеді. 

Сонымен қатар, қала әкімі жылу маусымына байланысты штаб отырысын өткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер