Айтаханов Испиджаб тұрғындарымен кездесті

67969386_2279315795714707_4116260630300721152_n.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов алғашқы жұмыс сапарын қаланың шет жағында орналасқан шағынаудандардың тұрғындарымен кездесуден бастады. Шаһар басшысы Қаратау ауданының Исфиджаб тұрғын алабына келіп, ауызсу және электр қуатымен қамту мәселесін тұрғындармен бірге талқылады.

Кездесу барысында қала әкімі негізгі жұмыс халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын айтып, көтерілген мәселелерді рет-ретімен шешу міндеті тұрғанын жеткізді.

– Өздеріңізге мәлім, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айрықша назар аударып отыр. Халықтың тұрмысын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді. Менің басты мақсатым – шалғайда орналасқан елдімекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Жаңа әкім ауызсу мәселесін жүйелі түрде шешу бойынша тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде тұрғындар осылайша халық пен билік арасын жақындатуға ұмтылған мегаполис басшысына арнайы келіп, өзекті мәселелерді көтергені үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер