Аудан әкімдерінің құзіреті кеңейеді

67496979_2279309162382037_7805202526097113088_n.jpg

Президенттің өкілі деп сеніп, үміт артып келген аудан әкімі қарапайым мәселені шеше алмаса халықтың билікке деген сенімі жоғалады. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов өз орынбасарларын, аудан әкімдерін, салалық басқарма басшыларын жинап өткізген алғашқы мәжілісінде осылай деді.

Қаланың жаңа әкімі, сонымен қатар, тұрғындардың мәселелерін жедел әрі сапалы шешу мақсатында аудан әкімдерінің құзыреттерін заң аясында кеңейту қажеттігін атап айтты.

– Аудан әкімдеріне халық мұң-мұқтажын айтып келеді, ал әкімдерде оны шешетін не құзіреті жоқ, не қаражаты жоқ. Халық аудан әкіміне Президенттің өкілі деп сеніп, үміт артып келеді. Олар қарапайым мәселені шеше алмаса, халықтың билікке деген сенімі жоғалады, – деп мәлімдеді әкім.

Осыған орай қаладағы негізгі жобаларды аудан әкімдерімен алдын ала келісуді тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер