Шымкент әкімі Сайрамда екі сағат тұрғындарды тыңдады

67364327_2279315715714715_1108930250537959424_n.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Сайрам тұрғын алабына барып, ондағы инфрақұрылым жүйесімен танысты. Осы сапар барысында қала әкімі жергілікті халықпен кездесіп, екі сағаттан астам уақыт өзекті мәселелерді талқылады. 

Тұрғындарды толғандырып отырған басты мәселе ауыз су мен сапалы электр энергиясы болып отыр. Шымкент қаласындағы күрмеуі шешілмеген әр мәселе күн тәртібінен түспеуі тиіс екендігін ескерткен мегаполис әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Шымкентті еліміздің үшінші шаһары мәртебесіне лайықты ету үшін алдымен қалаға қосылған шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын дамыту қажеттігін жеткізді. 

Кездесу барысында Ерлан Қуанышұлы негізгі жұмыс халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталатынын айтып, тұрғындарды көтерілген мәселелерді рет-ретімен шешілетініне сендірді. Алдағы уақытта халықпен кездесу үшін барлық елдімекендерге жиі барып тұратынын айтты.

Осылайша қала әкімі халық пен билік арасын жақындату ниетті екенін білдірді. Өз кезегінде тұрғындар қала әкіміне арнайы келіп, өзекті мәселелерді көтергені үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер