Байтұрсынов көшесі әкім назарында

Screenshot_10.jpg

Шымкент қаласының әкімі Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ғабидолла Әбдірахымов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Кезекті рет Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, қадағалап шықтым. Мұндағы мақсатымыз – бұл көшені қаланың ең көрікті көшелерінің біріне айналдырып, болашақта басқа көшелерді де осы үлгі бойынша жөндеу, қаламызға сән беру. Алайда, кейбір жеке тұлғалар өз бастарының мүдделерін қоғам мүддесінен жоғары қоюда.

Мысалы, жекеменшік Шымкент экономикалық колледжінің басшылығы жалға берілетін футбол алаңшасы көрінбей қалғандықтан, көше бойындағы ағаштарды кесіп тастаған. Бұл жағдай бойынша заң аясында қатаң шара қолдануды тапсырдым. Қаланың көркін бұзатын, тұрғындарға қолайсыздық тудыратын осындай келеңсіз іс-әрекеттердің барлығы қатаң жазаланады, - деді қала әкімі.

  Айта кетейік, қала мэрі атқарылған жұмыстар туралы әлеуметтік желіде алғаш рет бөлісіп отырған жоқ. Мегаполис басшысы шаһардағы жол, тұрғын-үй құрылысы секілді салаларға қатысты бақылау жұмыстарымен үнемі желіде халықпен бөлісіп отырады.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте есеп айырысу терминалы жоқ сауда орындары жабылады
  • Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды
  • Шымкентте бетпердесіз жүруге тыйым салынады!
  • Шымкентке кіретін және шығатын барлық жолдар жабылады
  • Шымкенттің жас ақыны бас жүлде – 1 млн теңгені жеңіп алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер