Цифрлық сауаттылық артып келеді

Screenshot_11.jpg

Шымкенттіктер қалалық әкімдік ұйымдастырған цифрлық сауат арттыру оқуына қатысуда. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы 3500 қала тұрғыны оқуға қатысты. Ал биыл 10 000 тұрғынды оқыту жоспарланған. Осы мақсатта қаладағы 131 мектептің информатика пәнінің мұғалімдері сабақ өтеді.

Ол ұстаздардың өздері қалалық әкімдіктің ұйымдастырған 3 күндік тренингте білімдерін жетілдірген.

– Халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту 3 маусымнан 29 тамызға дейін жалғасады. Оқыту 5 бағытты қамтиды. Олар: базалық дағдылар, «Е-коммерция», «Ашық үкімет» порталы, Ақпараттық қауіпсіздік негіздері, «Электронды үкімет» және электрондық мемлекеттік қызметтер. Бұл бағыт бойынша тұрғындар компьютермен және танымал операциялық жүйелерімен, интернетпен жұмыс істеу; порталда мемлекеттік қызметтерді алу; E.gov.kz сайты; ашық үкіметпен жұмыс істеу және интернет-шабуылдардан (алаяқтық, спамдар, вирустар) ұялы телефонды қалай қауіпсіздендіру тәсілдерін үйренеді, - дейді Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының цифрландыру және цифрлық инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Жанар Ақылбаева.

Бүгінгі таңда цифрлық сауат курстарына жазылу үшін Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында ыңғайлы сервис жасақталған, ол арқылы қала тұрғындары кез келген мектеп базасында курстарға жазыла алады. Оқу – тегін. .Жаңа технологиялар жыл санап емес, күн санап дамып келеді. Ендеше, заман ағымына ілесіп, көштен қалмау – уақыт талабы.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ — ХАЛЫҚТЫҚ ДУМАНҒА ҰЛАСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ПРЕВРАТИЛСЯ В НАРОДНОЕ ТОРЖЕСТВО
  • Шымкенте торжественно отметили День Республики и 35-летие Декларации о государственном суверенитете
  • Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтт
  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер