«Ақылды тұрақ» кептелісті азайтады

Screenshot_8.jpg

Бүгінгі таңда үшінші мегаполистегі барлық 1102 қоғамдық көлікке GPS құрылғылары орнатылып, диспетчерлік бақылау жүйесі енгізілді. Алдағы уақытта қалада муниципалды автобус паркі ашылмақ. «Осы бағытта қоғамдық көліктер паркі жаңаланып, қалаға жаңа автобустар жеткізілуде. 1 шілдеге дейін Шымкентке жаңа 300 автобус келіп, жыл соңында дейін тағы 700 автобус жеткізіледі деген жоспар бар», - дейді «Shymkent» ӘКК» АҚ басқармасының төрағасы Рашид Аюпов.

Қоғамдық көлік саласындағы тағы бір жаңалық – пилоттық режимде электронды билет жүйесі енгізілді. Алдағы уақытта қаладағы жолаушылар көлігінде карточкалы есеп айырысу жүйесі толық енгізілмек. Бұға қоса «Ақылды тұрақ» жобасы іске асырылуда. Ол жаңашылдық қаладағы көлік кептелісін азайтып, заңсыз автотұрақтарды жоюға арналған.

Қаладағы көпқабатты 2049 үйдің 997-не цифрлық төлқұжат әзірленген. IoT технологиясындағы есептеу құрылғыларын орнату бойынша көпқабатты 5 үйде пилоттық жоба аяқталған. Бұл технология бойынша инженерлі жүйелердегі ақау туралы мәлімет дер кезінде диспетчерлік орталыққа жіберіледі. Бұған қоса монополия субъектілерінің ақпараттық жүйелері «Е-Shanyrak» жүйесімен ықпалдастырылды, нәтижесінде 1052 абонент қамтылып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер