Қала сақадай сай

Screenshot_10.jpg

Тарихы терең, дәстүрді берік ұстанатын, қазақилығын жоғалтпай жаһандану заманына ілесе білген Шымкент қаласын мәдениеттің тұнып ордасы деуге болады.  Шымкенттің 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болып жариялануы бекер болмаса керек-ті. Тарих қойнауында алтын әріптермен жазылатын 2020 жылға қала дайындықты бастап кеткені қашан. 

Мамандардың мәліметінше биыл тарихи оқиға қарсаңында шаһарда  үш мың орынды заманауи «Конгресс-орталық» пен  20 мың орынды орталық стадион тарту етілмек.  Одан бөлек іргесінің қаланғанына  2200 жыл болған  шаһарда «Ескі қалашық – Цитадельді» қайта жаңаратын болды.  Цитадель – Шымкенттің бірегей мәдени-тарихи аймағы. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл нысан тек мегаполистің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жарқын туристік брендіне айналатын болады Шымқаланың саясына, басты символына айналған   Қошқар ата өзені де назардане тыс қалмайды. Өзеннің жағалауын абаттандыру жұмыстары басталып кетті дейді салаға жауаптылар. 

Туристердің назарын аударатын тағы бір нысан  ол – әуежай.  Жаңа терминалдың іске қосылуы нәтижесінде әуежайдағы жолаушылар ағымы 10 есеге артатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенте торжественно отметили День Республики и 35-летие Декларации о государственном суверенитете
  • Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтт
  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІ МЕН ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер