Ұлыбритания Шымкентпен «достасты»

Screenshot_5.jpg    

 Миллионерлер қатарына қосылғалы бері Шымкенттің шетелмен байланысы нығая түсті. Мыңдаған жылдық тарихы бар шаһардың көркі Ұлыбританияны да қызықтыра түсті. Тіпті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Майкл Джон Гиффорд Шымкентке келіп, қала әкімі  Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесті.  

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық пен қаланың даму әлеуеттері және инвестиция тарту мәселелерін талқыланды. Шаһар басшысы  Қазақстан мен Ұлыбритания арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас қалыптасқанын айтып, Ұлыбритания сауда айналымы бойынша Қазақстанның он сауда серіктестері қатарында екенін атап өтті. Сонымен қатар Біріккен Корольдік еліміздегі ірі инвесторлардың арасында алтыншы орында екенін жеткізді.

Шымкент Орталық Азиядағы ең тартымды қалалардың бірі және негізгі транзиттік дәліздерді байланыстыратын ірі көлік хабы болып табылатынын айтқан Ғ.Әбдірахымов британдық компанияларды ақпараттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ SmartCity бастамаларына инвестиция салуға шақырды. 

   Инвесторларды қызықтырып отырған Шымкент алдағы уақытта Ұлыбританиямен тығыз қарым-қатынас жасап қана қоймай, бірлескен жобаларды  да жүзеге асыратын болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласы аумағында өткен ауқымды сенбілікте 46,9 тонна қоқыс шығарылды
  • Қоғамдық келісім – ішкі саяси тұрақтылық негізі!
  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер