Баспана салуға ат салыспақ

Screenshot_11.jpg

Шымкентте баспана мәселесі оңынан шешіліп келеді.  Мегаполис тұрғындары үшін жайлы пәтер тұрғызуға  енді «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» да  ат салыспақ.    «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуына қатысып жатқан корпорация  биыл жалпы ауданы 64 мың шаршы метр тұрғын үй салуды  жоспарлап отыр.  Ол үшін  «Shymkent» ӘКК» АҚ «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-нан 10 миллиард  теңге несие алды.

Алғашқы үй биылғы күзде пайдалануға беріледі дейді мамандар. Ал үйдің әр шаршы метрінің бағасы 200 мыңнан 220 мың теңге аралығында болады.

Қазіргі уақытта Тұран шағынауданында жалпы ауданы 30 406 ш.м. сегіз үй, ал Асар-2 шағынауданындағы жалпы ауданы 17 977 ш.м он үй салынуда.

Бұл үйлер ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұған қоса Қаратау ауданында алты үйдің құрылысы жүруде.

Жалпы алғанда Шымкентте жыл соңына дейін 828 пәтерлі 14 арендалық коммуналдық тұрғын үйлер берілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенте торжественно отметили День Республики и 35-летие Декларации о государственном суверенитете
  • Шымкентте Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтт
  • «Нужно ценить каждую минуту на свободе»:
  • Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІ МЕН ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер