Жемқорлықсыз ел гүлденер

4721.jpg

Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде комиссияның кеңейтілген отырысы болып өтті. Алқалы жиында «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы таныстырылды. Бастама Президент Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен іске асырылуда. «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасының мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру. Мемлекеттік билік институттарына бизнес мен инвесторлардың сенімін нығайту. Кеңейтілген отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері  мен облыс басшысы Жансейіт Түймебаев арнайы қатысты. Жемқорлыққа қатысты, ой қозғау салатын бейнероликтер көрсетілді. Басшылар тарапынан сын-ескертпелер айтылды. Сонымен қатар, жымысқы әрекеттердің алдын алу апталығының қорытындысы да  жасалды. Алдағы уақытта аталған жобаны іске асыру үшін «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, фронт офис ашу жоспарлануда. Бұл туралы жиында  Департамент басшысы Әли Көмекбаев айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер