Кәсіпкерлер пікір алмасты

images (6).jpg

Елбасы кезекті Жолдауында «Қазақстан халқының 80 пайызы кәсіпкерлікпен айналысуы тиіс» деп атап өткен болатын. Президенттің тапсырмасына орай  Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімі «Өз мақсатыңа жет» деп аталатын бизнес-тренинг ұйымдастырды. Мақсат – кәсіпкерлік әліппесін енді ғана үйреніп, іс бастауға бекінгендерге тура жол сілтеу. Бағыт-бағдар беру. Кәсіпкерлікті дамыту – мемлекет саясатының ажырамас бөлігі.  Семинарға қатысушылар әуелі облыстық кәсіпкерлік палатасы қызметкерлерінің кеңесіне құлақ түрді. Бұдан соң кәсіп ашып, тасы өрге домалаған іскер азаматтар сөз алып, өкшебасар бизнес өкілдеріне өз білгендерін үйретті. Шараға 100-ден аса азамат қатысты. Ұйымдастырушы Мұхит Қарсақбаевтың айтуынша өз кәсібімен айналысқысы келетін, неден бастасам екен деген жас буындарға мұндай семинарлар ауадай қажет дейді. Шарада кәсіпкерлер бизнес әлемімен кеңірек танысып, заңдық жағынан білімдерін кеңейтті, өзара пікір алмасып, мазалаған сұрақтарына жауап тапты. Айта кетейік, Шымкент қаласы шағын және орта бизнесті дамыту жағынан республикада алдыңғы қатарда келеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер