«BI Group» Шымкенттен үй салмақ

06.jpg

Танымал «BI Group» компаниясының сату бөліммдері Астана, Алматы және Атырау қалаларында жұмыс істейді. Енді мұндай бөлім алып шаһар Шымкентте де ашылды. Мамандардың айтуынша компания Шымқалада ерекше үлгідегі тұрғынүй салуды қолға алмақ. 23 жылдық тәжірибесі бар құрылыс компаниясы осы уақытта сапалы, заманауи зәулім нысандары тұрғызды.  Алдағы бір жылда холдинг Шымкентте де зәулім үйдің іргетасын қаламақшы.   «Ең бастысы, сатып алудың қолайлы жағдайын жасау. Ипотекамен бірге компанияда бөлінетін көптеген бөліп төлеу қызметтері бар. Өте тиімді. Ең төмен пайызбен 15%  алғашқы салыммен сатып алуға болады. Бұл Шымкент қаласының тұрғындары үшін серпіліс береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Компанияның атынан жеңілдіктер болатынына уәде береміз»,- дейді «BI GROUP» құрылыс компаниясы сату бөлімінің жетекшісі Ержан Жәрдемов.

    Шаһардағы комфорт санаттағы үйлердің  құрылыс жұмыстары жыл соңында басталмақ. Әзірге тұрғын үйлердің орналасатын жері белгілісіз. «BI Group» компаниясының сату бөлімі «Shymkent Plaza» сауда-ойын орталығының 2-қабатында орналасқан.  

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қала келбетін көркейткен инженер
  • Өз ісін мақтаныш еткен маман
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер