Цифрландыру – жаңа буын мамандарының негізгі құралы

image.png

    2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланып, техникалық және кәсіптік білім берудің маңызын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Қазіргі заманның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау үшін колледждер мен кәсіпорындар арасында жаңа форматтағы әріптестік, заманауи оқу жоспарлары және цифрлық технологияларға негізделген оқыту әдістері кеңінен енгізіліп жатыр. Бұл студенттерге күрделі техникалық жабдықтармен жұмыс істеуді қауіпсіз әрі тиімді үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағдарламалау, робот техникасы, автоматтандыру және smart–технологиялар бойынша жаңа элективті курстар ашылуда.

     Бүгінгі таңда білім беру жүйесі тек дәстүрлі білімді ғана емес, сонымен қатар цифрлық ойлау дағдыларын, инновациялық шешімдер қабылдау қабілетін және жаңа технологияларды меңгеруді де талап етеді. Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарына үлкен міндет жүктеліп отыр. Бұл жыл жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып қана қоймай, цифрландыру дәуірінде сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Осы орайда Шымкент қаласының Политехникалық колледжінде оқу-тəрбие үдерісін жаңғырту, цифрлық мәдениетті арттыру және жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану бағытында «Digital Kazakhstan: жаңа мүмкіндіктер мен кәсіби шеберлік» атты колледжішілік конференция өтті. Іс-шара педагогтар мен IT саласының мамандарын біріктіріп, білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды интеграциялаудың тың бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

Конференция цифрландыру, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллектті қолдану және заманауи цифрлық құралдардың білім берудегі рөлі туралы өзекті тақырыптарды қамтыды. Іс-шараны колледждің әдістемелік орталығы, сондай-ақ «Электроника және ақпараттық жүйелер» мен «Бағдарламалау және АЖ» пәндік-циклдік комиссиялары бірлесіп ұйымдастырды. Педагогтар мен мамандар ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа бағыттармен танысып, ЖИ артықшылықтарын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Әрбір спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, білім үдерісін жаңғыртуға арналған құнды ұсыныстарын ортаға салды.

Шара барысында  колледж директорының ғылыми және әдістемелік жөніндегі орынбасары Асан Бабашов «Жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне интеграциялау», арнайы пән оқытушысы Қарлығаш Қуанышқызы  «Google құралдары — оқытушының цифрлық көмекшісі», Әсел Нұрғалиқызы және  Берік Мұхтарұлы – «eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер»  арнайы пән оқытушысы Қайрат Жарылқысынұлы «Жасанды интеллект платформалары (Kimi, Jeo party, Baamboozle, Wheel of names)», Аяулым Нұрболқызы – «Diggit және Napkin жасанды интелектерін пайдалану» және Гүлнұр Сылқымбекқызы және Идия Айжан Дәулетқалиқызы – «Curipod негізіндегі жасанды интеллект құралдарының білім алушы белсенділігін арттырудағы дидактикалық мүмкіндіктері»  тақырыптарында шеберлік сағаттарын өтсе, арнайы пән оқытушысы Қайрат Нұрбақыт «IT мамандары күні: цифрлық трансформация және ұлттық даму» тақырыбында баяндама жасады. 

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға кәсіби тұрғыдан жаңа серпін берді. Педагогтар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен шабыттанды, ал студенттер цифрлық ортада жұмыс істеудің маңызын тереңірек түсінді. Конференция колледждің инновациялық бағыттағы даму стратегиясын нығайтып, цифрландыру үдерісіне жаңа тыныс берді.

Студенттер үшін бұл шара өз мүмкіндіктерін бағалап, болашақ мамандықтың маңызын түсінуге, еңбек нарығындағы жаңа тенденциялармен танысуға үлкен мүмкіндік болды.

Жұмысшы мамандықтар жылы – жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатын, еліміздің кәсіби-техникалық білім беру саласын жаңа деңгейге көтеретін маңызды кезең. Цифрландырудың қарқын алуы мен оқу үдерісінің жаңғыртылуы болашақ мамандардың заманауи өндіріс талаптарына сай болуына толық жағдай жасайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастармен ашық диалог өрбіді
  • Цифрландыру – жаңа буын мамандарының негізгі құралы
  • Шымкенттің болашақ наубайшылары топ жарды
  • Қызметіне адалдық пен жауапкершілік өмірлік ұстаным
  • Болашақ мамандарды өндірістік ортаға бейімдеу маңызды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер