Бала күнгі арманын жүзеге асырды

image.png

Қазақстандық өрт сөндірушілер былтыр 83 мыңнан астам шақыртуға барған. Нәтижесінде 14 мыңдай адамды қызыл жалыннан арашаласа, зардап шеккен 6 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсетіпті. Міне, осындацй жанқиярлық еңбектің иелерін өрт сөндірушілер бүгінгі күннің батырлары деп атауымызға болады. Қызығымен қоса қауіп-қатері қатар жүретін мамандықтың иесі Орынбасар Тәжібай. Мегаполистің тұрғыны   №2 өрт сөндіру бөлімінде  өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарады. Алты жылдық жұмыс тәжірибесі бар маман өрт сөндіруші болу бала күнгі арманы екенін жеткізді. 

«Біздің мамандық қиын мамандық болып саналады. Шымкент қаласындағы түрлі өрт сөндіру оқиғаларына қатысып келеміз. Менің бұл мамандықты таңдау сабебім бала кездегі арманым болатын.  Өрт сөндіруші болу  өзіме ұнайды.  №2 өрт сөндіру бөлімінде  2019 жылдан бері қызмет атқарып келемін. Біздер тек қызыл жалынды сөндіріп қана қоймай,  авариялық құтқару қызметтерін де қоса  атқарамыз. Адамдарды құтқаратын кезде өзің де өрттің арасына кіресің.  Ондай сәтте  түтінге уланып қалу қаупі туады.  Сол үшін қауіпсіздік талаптарын үнемі сақтап жүреміз. Ол үшін күнделікті дайындық жұмыстарын жасап, барлық қиындықтарға дайын жүреміз. Одан бөлек адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді де оқып, арнайы дайындықтан өтеміз. Бір сөзбен айтқанда өрт сөндіруші жан-жақты маман»,- дейді кейіпкеріміз.  

Ия, өзгелер өрттен қашқанда олар тілсіз жауға қарсы ұмтылады. Өзгелерге қауіп төнсе, олар бірінші болып қол ұшын созады. Иә, жалаңдаған от пен көк түтінге, адамдардың көмек сұрап, жанұшыра айқайлаған дауысына екінің бірі шыдамайды. Мұндай сәтте өрт сөндірушілердің командалық тәжірибесі мен психологиялық төзімділігі сынға түседі.    Тілсіз жау салғырттықты кешірмейді. Оқыс жағдайда жылдам шешім қабылдап, табандылық таныту маңызды. Өзгенің өмірі үшін отқа түсуден тайынбайтын өрт сөндірушілердің жұмысы нағыз ерлік. 

Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қатерге тігетін өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың адал еңбегін, қызметтегі жоғары көрсеткіштерін, батырлығы мен жанқиярлығын республикамыздың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдары да жоғары бағалайды. Еліміздің Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өз үлестерін барынша қосуда. Осы орайда ұлттың қауіпсіздігі үшін төтеншелік мамандарымыз сақадай сай болуға тырысуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Қарызсыз қоғам» жобасының жүзеге асырылуы бойынша кеңейтілген жиын өтті
  • Шымкентте қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі және гендерлік саясат мәселелері талқыланды
  • Кәсібилік пен тәжірибе – басты құндылық
  • Инфрақұрылымның тынысын тірілткен маман
  • Еңбекші ауданында өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын алу шаралары өткізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер